Облысымыздағы дарынды балалардың дарындылық қабілеттерін дамытып, жаратылыстану және математикалық бағыттар бойынша тереңдетілген білім беретін Е.Н.Әуелбеков атындағы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында 11 «А» сынып оқушысы, қызым Ахтай Жауқазын Серікқызы білім алуда. Осы білім ошағында қызым 2015 жылдан бері білімін тереңдетіп, кез келген іс-шараға белсене қатысып, шығармашылық даму үстінде. Сол уақыттан бері көптеген іс-шаралар мен үлкен сайыстар ұйымдастырып, ата-аналармен форум өткізіліп, «Бәсекеге қабілетті дарынды оқушы» номинациясымен қызым екеуміз марапатталдық. Қазіргі пандемия кезінде оқушыларға қашықтықтан білім беріп, оқу процесін ұйымдастыру бойынша білім алушылар мен ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырды. Мектептің жаны ол — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Сондықтан оқушыларға үздіксіз терең және жан-жақты білім беріп отырған мұғалімдерге, мектеп ұжымына ата-ана ретінде ерекше ықыласымды білдіремін. Мектеп бітіруші түлектерге алда үлкен сынақ күтілуде. Осы сынақты ұжым, ата-ана, оқушы бірге отырып, жоғары дәрежеде мақсатымызға жететінімізге және алдағы уақытта мектептің болашағы жарқын, қадамы нық боларына үлкен сенімдемін.

Ата-ана: Гүлжазира Жалғасбекқызы

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы