2020-2021 оқу жылында 48 оқушы бітірді. Бүгінгі күні бітірген түлектеріміздің БАРЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ атанды.
Мектеп ұжымының ынтымақтастығы мен педагогтардың әлеует деңгейін мойындатқан түлектеріміз республикамыздағы рейтингісі жоғары білім ордаларында білім алмақ. Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ-Британ Техникалық университеті, Сүлеймен Демирель университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, және т.б. Ең жоғарғы ұпай жинаған шәкіртіміз математика пәнінің мұғалімі мамандығын таңдап, ұстаздарымыздың еңбегін ақтады.
Білім игеру жолында нәтиже көрсете білген грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!