АЛТЫН МЕДАЛЬ
Алтын деңгей 16 жастан жоғары қатысушыларға арналған және 18 айға созылады.
Әрбір қатысушыға тәлімгер бекітіледі, оның басшылығымен қатысушы 7 бағыт бойынша мақсаттарды өзі анықтайды және оған жетеді.
Бағдарлама барысында қатысушы бейнесабақтар алады, тапсырмаларды орындайды және прогресті бақылауға көмектесетін өзінің жеке күнделігін жүргізеді.
БАҒЫТТАРЫ:
Салауатты өмір салтын қалыптастырады, физикалық және психикалық денсаулықты нығайтады, ерік-жігерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Қатысушылар әртүрлі спорт түрлерімен спорт секцияларында және (немесе) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ өз бетінше айналыса алады.
Ұзақтығы мен көлемі: қатысушы таңдауына қарай 6 ай немесе 9 ай бойы аптасына 1 сағаттан кем болмайтын сабақтар. Бұл ретте егер қатысушы берілген бағытта 6 ай мерзімді таңдайтын болса, онда ол «Дарын мен дағды» бағытында 6 ай мерзімді таңдауы тиіс, немесе керісінше.
Қатысушы келесі спорт түрлерімен айналыса алады:
- Командалық спорт түрлері
- Жеке спорт түрлері
- Жұптық спорт түрлері
- Су спорт түрлері
- Қысқы спорт түрлері
- Доппен өтетін спорт түрлері
- Жеңіл атлетика
- Жауынгерлік өнер
- Фитнес
Қатысушыларға өз бейімділігін табуға, өз дарыны мен қабілеттерін дамытуға, өзіне деген сенімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Қатысушылар әлеуметтік және практикалық дағдыларды дамытуға, үйірмелерге, курстарға, тренингтерге, практикумдарға бару арқылы таланттарды ашуға бағытталған тапсырмаларды орындайды, интеллектуалдық, шығармашылық, ғылыми-техникалық конкурстарға, олимпиадаларға, көрмелерге, жарыстарға қатысады немесе өз бетінше айналысады.
Ұзақтығы мен көлемі: қатысушы таңдауына қарай 6 ай немесе 9 ай бойы аптасына 1 сағаттан кем болмайтын сабақтар. Бұл ретте егер қатысушы берілген бағытта 6 ай мерзімді таңдайтын болса, онда ол «Спорт және дене шынықтыру» бағытында 6 ай мерзімді таңдауы тиіс, немесе керісінше.
Ой-өрісі кеңейеді, ойлануды үйренеді, дүниетанымды қалыптастырады, мейірімді, текті, қамқор болуға шақырады.
Бағдарлама барысында қатысушылар пайдалы және танымал кітаптарды оқиды, өз әсерлерімен бөліседі, бейне немесе эссе жазады.
Барлық 3 бөлімнен кем дегенде 9 кітапты оқу қажет:
«Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен алынған 3 кітап
«Әлем әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен алынған 3 кітап
«Жеке өсу мен өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер» бөлімінен алынған 3 кітап
Ұрпақтар арасындағы бірегейлік пен байланысты нығайтады, ұлттық мәдениетпен, әдет-ғұрыптармен және дәстүрлермен таныстырады.
Қатысушы ұлттық спорт түрлері, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер бойынша таланттар мен дағдыларды дамыту бойынша сабақтар өтеді немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен бір кітапты қосымша оқиды.
Осы бағыт бойынша сабақтар қатысушының ұлттық ерекшеліктеріне және (немесе) қалауына қарай бейімделуі мүмкін. Қатысушы алғашқы үш бағыттың бірі аясында «Ұлттық мұра» бағытын таңдай алады («Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Кітап оқу»), немесе олармен біріктіре алады
Ұзақтығы мен көлемі: 6 ай немесе 9 ай бойы аптасына кемінде 1 сағат сабақ немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша 1 кітап оқу
Эмоционалды интеллект пен «soft skills» дамытады, әлеуметтік байланысты нығайтады, патриоттық сезімді тудырып, қоғам дамуына өз үлесін көрсетуге септігін тигізеді.
Бағдарлама барысында қатысушы өз еркімен көмек көрсетіп, қоғамға қызмет етуге дайын болуы тиіс. Мұқтаж адамдарға, қоршаған ортаға және жануарларға қол ұшын созады.
Ұзақтығы мен көлемі: 12 ай бойы аптасына 1 сағаттан кем емес
Шынайы жағдайда өз-өзін сынауға мүмкіндік береді, саяхатқа құлшынысы артады, туған жерінің тарихы мен табиғатымен танысады, өмір сүру қауіпсіздігінің ережелерін қолдануды үйренеді.
Қатысушылар экскурсияларға шығады, туған елінің табиғатымен танысады, отанға сүйіспеншілігін арттырады.
Талаптар: 4 күнге созылатын экскурсиялар және/немесе экспедициялар.
Болашақ мамандығы бойынша толық ақпарат алып,танысып, таңдау жасауға көмектеседі. Еңбек сүйгіштікті тәрбиелейді, мақсатқа жетуде табандылыққа жетелейді.
Талап: 5 күннен кем емес.