Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында Ы.Алтынсарин атындағы академияның нұсқаулық хатына сәйкес мектеп-интернат қызметкерлеріне 20 минуттық кітап оқуға арналып оқырман алаңы ашылды. Міне осы оқырман алаңында кітапхана меңгерушісі Г.Қалманованың ұйымдастыруымен «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді. Аталған акцияға әкімшілік қызметкерлері мен педагог қызметкерлері өздерінің көркем әдебиет шығармаларын сыйға тартты. Осы акция барысында кітапхананың кітап қоры 46 дана көркем әдебиетпен толықты. Оқырман алаңында оқырман үшін барлық жағдай жасалған.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы