Бүгін төл мерекеге орай мектеп-интернат ұстаздарына арналған мұғалімдер бөлмесі ашылды.
Бөлменің ашылу салтанатына ардагер ұстаз Шара Досанқызы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директоры Елеусінов Бауыржан Тажімағанбетұлы қатысып, ізгі тілектерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыстады.
Мұғалімдер бөлмесі қазіргі заман талабына сай технологиялық жабдықтармен, дөңгелек үстел, демалыс орны, оқу-әдістемелік материалдар, көрнекі құралдармен толықтырылған.
Енді мектепішілік шаралар, білім жүйесіндегі өзгерістер, ақжолтай жаңалық осы жерде талқыланады.
«Ұйымдастыра білген ұтады» демекші, мектеп директоры Қарлығаш Дауылбайқызы оқушылардың алаңсыз білім алып, мұғалімдердің еш кедергісіз жұмыс істеуіне бар мүмкіндік жасауда.
Баланы білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек. Мектебімізде дәл осындай қасиеттерді бойына сіңірген ұстаздар бар. Заман талабына сай мұғалімдер бөлмесінің ашылғанына мектеп ұжымының айтар алғысы шексіз. Жаңартылған білім мазмұнын меңгеріп, ұрпақ санасын жүйелі ойлауға икемделген мектептің бұл бір ғана жаңалығы.
Мықты маман, педагог кадрлары іріктелген оқу ошағы тың серпінмен қуантпақ.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы