Мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековке арналған
”ҚАЙСАР ТҰЛҒА, ҚАЖЫРЛЫ ҚАЙРАТКЕР” тақырыбындағы ӘУЕЛБЕКОВТАНУ апталығының қорытынды кеші болып өтті. Қорытынды кешке “Еркін Әуелбеков қоры” және Қызылорда облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік орталығының өкілдері қатысты.
Шара барысында:
Еркін Әуелбековтың бюстіне гүл шоқтары қойылды;
Мектеп-лицей-интернат жанынан жылыжайдың ашылу салтанаты өткізілді.
Қорытынды марапаттау рәсімінде апталық аясында жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша өткізілген Әуелбеков мектепшілік олимпиадасының жеңімпаздары мен белсенді ұстаздар “Еркін Әуелбеков қоры” мен қаламыздың беделді кәсіпкерлері атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олимпиадада ең үздік нәтиже көрсеткен оқушыға арнайы диплом мен смарт сағат берілсе, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, апталық барысында белсенділік танытқан ұстаздар “Еркін Әуелбеков қоры” атынан арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың елге жасаған ерен еңбегі жас ұрпақтың мәңгі жадында.