Skip to content

ӘУЕЛБЕКОВТАНУ

Халық арасында аты аңызға айналған табиғи талант иесі Еркін Нұржанұлы Әуелбековті ел ішінде «Алтынның сынығы» деп атайды. Өзінің туа біткен табиғи талантымен Қазақстанның үш облысының әлеуметтік – экономикалық дамуына, елінің, жерінің гүлденуіне және өндіруші күштердің дамуына ұлан-ғайыр қомақты үлес қосты, сәулетті өмірлерінің бейнесін айқындап берді.

Е.Н. Әуелбеков 1930 жылдың 22 маусымында Солтүстік Қазақстанның Рузаевка ауданының Жанасу ауылында дүниеге келген. Ол өзінің балалық және жастық шағын туған өлкесінде өткізді, орта мектепті үздік бітіріп, Ленин комсомолының қатарына қабылданды. 1948 жылы Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясына түсіп, оны 1953 жылы үздік бітірді.

Алған білімін іс жүзіне асыруға, өз халқына пайдасын тигізуді көздеп елге оралды. Алғаш еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Октябрь ауданының Солтүстік Қазақстандағы ең ірі Николаев МТС-не бас агроном болдан бастады. Ол кезде небәрі 23 жаста еді. 26 жасында МТС пен жаңадан құрылған кеңшардың директоры болды. 31 жасында Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасынының бірініші орынбасары, 33 жасында облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 34 жасында облыстық атқару комитетінің төрағасы, небәрі 35 жасында Қазақ ССР-і ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, ал содан кейін Республикалық астық өнімдері және мал азығы өнеркәсібі министрі қызметтерін атқарды. Ал 43 жасында Отанымыздың жоғары наградасы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

Өткізілген іс-шаралар

 

Е.Н. Әуелбеков Қызылорда облысының партия комитетінің бірініші хатшысы қызметін 1985-1989 жылдар аралығында атқарып, облысымыздың экономикасының өркендеуіне, халықтың әл-ауқатын көтеруге ерен еңбек етті. Атап айтар болсақ:
– Қызылорда облысының экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсату жөніндегі одақтық, республикалық деңгейде бес бірдей қаулы қабылданды. Нәтижесінде Қызылорда облысы ІІІ категориялық облыстан ІІ категориялы облыстың қатарына қосылды. Шөлейттік коэффицент енгізілді.
– КСРО министрлер кеңесінде Қызылорда облысының әлеуметтік – экономикалық дамуын жеделдету жөніндегі шаралар туралы және арал теңізі ауданындағы экологиялық және санитарлық ахуалды түпкілікті жақсарту жөніндегі шаралар туралы арнайы қабылданған қаулылары өңіріміздің қарыштап дамуына даңғыл жол салды.
– 1988 жылы кыркүйекте «арал теңізінің аймағындағы экологиялық және санитарлық жағдайды түбегейлі жақсарту шаралары туралы» КСРО министрлер кеңесінің қаулысын қабылдатты.
– «Арал экологиялық апат аймағы» деген статусты әлемге мойындатып, Қызылордалықтардың денсаулығына Арал апатынан келіп отырған зардаптары үшін жалақысына 30-50 пайыздық үстеме төлеуге тұрақты қаржы бөлдірді.
– «Шалқия» кеніші салынып, пайдалануға берілді.
– Қызылорда ауданаралық энерго орталығы ашылды
– Арал-Сарыбұлақ топтық су таратудың бірінші кезегі іске қосылды.
– Сексеуіл – Түркістан екінші темір жолы салынды
– «Белкөл» мөлтек ауданына баратын жолдағы аспалы көпір салынды.
– Қызылорда қаласында «Батыс» мөлтек ауданы тұрғызылды.
– «Саратс-1», «Саратс-2» әлемдік жоба-жоспарлар дайындалды нәтижесінде «кіші Арал» дүниеге келді.
– Дала академигі Ы.Жахаевтың есімі дараланды. «Жахаевшылар» деген атпен Республика, Одақ тарихына алтын сиямен жазылған ізбасарлары Сыр бойын ақ күріштің фабрикасына айналдырды.
– Қызылорда облысындағы Шиелі ауданынан уран, Жаңақорған ауданына полиметал, кеніштері ашылды.
– Қиыршық тас, құм, тұз өндіру күшті қарқынмен дамыды.
– «Құмкөл» мұнай кенішінде жайлы мұнайшылар қалашығы салынды. Облыстың кейіннен Қазақстанда мұнай өндіруден үшінші орынға шығуына алғышарт жасалды.
– Қызылорда облысының тарихында бірінші рет жаңа әуежай салынып, Алматы, Мәскеу, Минеральные воды қалаларына үлкен лайнерлер ұшатын болды.
– Үлкен және ауыр ұшақтарды қабылдауға арналған жазғы жолақтары бар жаңа әуежай салынды.
– Облыстық медицина орталығы және диагностикалық орталықтары салынды.

Өткізілген іс-шаралар