Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
 
Сіздерді жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталуымен құттықтаймын!
Бүгін алғашқы қоңырау даусы естілді. Әр жыл сайын бұл мейрам үлкен дайындықтан басталады. Балаларымыз мектеппен, достары, ұстаздарымен сағынып қауышты. Осы күнді бәріміз асыға күттік.
 
Ұстаздарымыз қандай жағдайда да болашақ ұрпағымызға білім беруде еңбек ететінін дәлелдеп келеді. Ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз.
 
Бүгін салтанатты күн, ерекше мереке, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы үшін сапалы білім, саналы тәрбие алатын кезеңнің бастамасы.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!
 
ҚҰРМЕТПЕН,
Мектеп-интернат директоры
Ақышева Қарлығаш Дауылбайқызы