ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Үндестік, өзара сенімділік пен барлық жанға деген құрметтің салтанат құрған күнінде баршаңызға алғыс айтамын!

Ыстық ықылас пен ризашылық сөздермен бастау алған «Алғыс айту» күні барлық білім ордалары мен әрбір шаңырақта жарқын мерекеленуде. Мұндай мереке жанға тыныштық пен керемет көңіл-күй сыйлайды. Әрбіріңіз осындай құрмет пен қуанышқа, алғысқа лайықсыздар!

Тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмысымыз жемісті болсын!

ҚҰРМЕТПЕН,
Мектеп-интернат директоры
Ақышева Қарлығаш Дауылбайқызы