Қадірменді азат елдің тәуелсіз халқы! Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа дәуірдің арайлы таңы атқанына биыл 30 жыл.

Әлем көгінде “Тәуелсіз Қазақстан” атты жаңа жұлдыздың жарқырай туғанына 30 жыл.

30 жыл бізге жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Осынау ұлы тағдыр жолында кемел елдің бірлігі ретінде шын дарындарымызға білім беріп келеміз.

Тәуелсіз елдің болашағы үшін білім беріп, еңбек қылу – ерекше бақыт, ал оның аптабына күйіп, аязына шыдау әркімге бұйыра бермейтін бөлек дүние.

Азаттық деп аңсаған атамыздың арманындағы ғұмырды кешкен, еркіндік деп екпіндеген біздер елдік жолында қызмет етудеміз. Еңбегіміз баянды, ұрпағымыз парасатты, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! 

ҚҰРМЕТПЕН,
Мектеп-интернат директоры
Ақышева Қарлығаш Дауылбайқызы