ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке көңілдеріңізге нұрлы шуақ ұялатып, қуаныш сезімдерін ұлғайтсын. Еліміздің жаңа жетістіктеріне куә бола беріңіздер.

Еліміз егемендік алған жылдары бағындырған биіктер мен жеткен жетiстiктерiміз Сіздердің лайықты еңбектеріңіз бен пайымды парасаттарыңыздың нәтижесі. Бұл тұрғыда ісi ізеттілік пен үлгiлі өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбектерi ұрпақ санасында ұзақ сақталары сөзсіз. Ардақты ардагерлердің даналық ақыл-кеңестерi мен имандылыққа ұйытқан сөздерi бiз үшiн қашанда қымбат.

Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, баянды ғұмыр тілеймін!

ҚҰРМЕТПЕН,
Мектеп-интернат директоры
Ақышева Қарлығаш Дауылбайқызы