Қазақстан тарихының тағы бір жаңа парағы ашылды. Бүгінгі сайлауда халық сайлау учаскелеріне жайдары кейіпте, балаларымен, тұтас отбасыларымен келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын асқан ықыласпен пайдаланғанын аңғаруға болады.
Сайлауға келу туралы алдын ала деректерге сәйкес Қызылорда халқының 80 пайыздан астамы өздері таңдаған кандидаттарға дауыс берді. Осыдан-ақ, сайлаудың халық үшін өте маңызды екеніне көз жеткізуге болады. Еркін Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ұжымы да тарихтың барысына әсер ететін таңдау жасады.
«Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас» дейді ұлы халқымыз. Ұйымшылдықпен дауыс беру арқылы соңынан жұртты ерте алатын, әлемдік қоғамдастық алдында Қазақстанды лайықты таныстыра алатын тұлғаны таңдады деп сенемін.