ҰБТ-ға дайындық кезінде адамның бойында биологиялық, психологиялық өзгерістер болады. Ұйқы, тамақтану режимі өзгереді. Сондықтан да, ҰБТ-ға дайындық кезінде күнделікті режимді қатаң сақтаған дұрыс. Ол үшін арнайы ережелер бар:

  1. Күнделікті ұйқы мен күндізгі уақыт режимін қатаң сақтау;
  2. Дұрыс тамақтану;
  3. Құрылымға кіру (жаңа іс-әрекетке ене білу);
  4. Мазасыздық деңгейі мен талап деңгейі арасындағы байланыс (емтихан алдындағы мазасыздық пен үрейді азайту үшін емтиханға ұзақ уақыт бойы байыпты дайындалу керек);
  5. Жаттама, есіңде сақта!
  6. Емтиханға кірер алдында жаңа материалды зерттеу ұсынылмайды (1-2 аптаға дейін, алдын-ала, ертерек дайындал);
  7. Емтихан алдында демалысыңды дұрыс ұйымдастыра біл;
  8. Дене белсенділігі (ақыл-ой белсенділігің жақсы болу үшін спортпен айналыс);
  9. Уақытыңды үнемдей біл;
  10. Жауапкершілік.

Құрметті, болашақ талапкер! Осы ережелерді дұрыс сақтасаң, алдыңа қойған мақсатыңа жетесің деп сенеміз!

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы