Елі үшін маңдайдан терді ақтарған,
Еңбегімен айтулы ардақталған.
Қазағына қызмет еткен шын жүректен,
Дарынды ақынымен ел мақтанған.

Ақ пейілі жан-жағын көктем еткен,
Ешбір жанды жері жоқ өкпелеткен.
Жүрген жерде адал айтып,әділ сөйлеп,
Абыройы асқақтап көкке жеткен.

Ардақты ақын жырынан шуақ төгілген,
45 жыл ғұмыр кешіп өтті өмірден.
Күш-қуатын жұмсаған жыр жолына,
Аяқтады ғұмырын текті өліммен.

Жырлары ақ дауылдай сұрапылды,
Бейне бір шуақ шашып тұратын-ды.
Мадақтасаң,шынында жарасымды,
Найзағайлы, осындай ірі ақынды.

Автор: 9-сынып оқушысы
Сахи Нурайым

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы