«Сыр Дарыны» білімділер академиясының 16-21 тамыз аралығында ұйымдастырған оқыту курсының қорытындысы бойынша мектеп оқушылары «ҮЗДІК КОМАНДА» номинациясымен марапатталды. Аталған оқу курстың нәтижесінде химия пәні бойынша 9-сынып оқушысы Рысбай Мөлдір жүлделі I орын (пән мұғалімі Болатқызы Салтанат), информатика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Жарбол Гүлсая ІІІ орын (пән мұғалімі Абушеева Жұлдыз) иеленді.
Оқу курсына жоғарғы деңгейде ұйымдастырған Сыр Дарыны Қызылорда орталығына алғыс айтамыз!
Мектеп үздік командасы алдағы уақытта да олимпиада шыңын бағындырады деген сенімдеміз!