Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы — Боқанова Жанар Қалиқанқызы мен орталықтың жетекші менеджері Төлеу Абишев Сыр еліне жұмыс сапарымен келді. Іс-сапар барысында өңірімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобалармен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Оның ішінде Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен танысты.