2021 жылдың 25 тамыз күні мектепішілік тамыз кеңесі өткізілді.
Тамыз кеңесінің негізгі мақсаты — алдағы оқу жылының мақсаттарын айқындау, әдістемелік нұсқау хатты пән бойынша нақтылау.
Осы мақсатта 8 бірлестік бойынша секция отырысында «ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты талданды. Пленарлық отырыста Педагогикалық шеберлік орталығының директоры С.Камалованың «Мектеп педагогтерінің кәсіби даму моделі», «Дарын» қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Г.Ізбасарованың «Дарынды бала – ел болашағы» тақырыбында баяндамалары тыңдалып, алдағы оқу жылына қойылған мақсат-міндеттерді мектеп-интернат директоры Қ.Ақышева таныстырды.