Мектеп-интернатымызда республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТТЕРІ» байқауы аясында «НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ҚАЗАҚ ЕМЕС, НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА» тақырыбында мектепшілік флешмоб акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – ұлттық дәстүрді, ұлттық мәдениетті дамыту, қазақ халқының өнерін, дәстүрін, мәдениетін жаңғырту, мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында ұлттық өнер мен ұлттық биді дәріптеу және ұлттық идеологияны арттыру.
Мектебіміздің ашық алаңқайында ұйымдастырылған акцияда домбырашылар тобы Балбырауын күйін орындаса, мектеп-интернат оқушылары ортада би биледі.
Сан ғасырдың сырын күмбірімен жеткізген ұлттық аспапты ұлықтау шарасы флешмобқа қатысушы оқушылар және акцияның көрермені болған мектеп қызметкерлеріне ерекше көңіл-күй сыйлады.