24 қыркүйек күні өткізілген «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауының нәтижесінде:
«Құрылыс саласындағы жобалар» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Ертай Ержан ІІ орын;
«Су көлік саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Тұңғышбаев Әділжан ІІІ орын;
«Авиация саласындағы жобалар» номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Асқаров Нұрдәулет ІІІ орын иеленді.
Ғылым мен техника саласында өнертапқыштыққа қызығушылықпен қараған оқушыларымызды құттықтаймыз!
Зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсетіп, шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыруда жетекшілік жасаған Талқанбаева Қалампыр мен Бегайдаров Асқарға еңбек жолында табыстар тілейміз!

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы