Мектеп-интернатымызда «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің хатына сәйкес «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 7-10 сынып оқушылары арасында «Құндылық – адам жанының алтын арқауы» тақырыбында үздік бейнебаян байқауы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың ата-аналарының құнды қасиеттерін перзентіне үйрету, өмір тәжірибесімен бөлісу.
Байқауға 7-8-9-10 сынып оқушылары өз отбасыларымен түсірген 10 бейнебаян ұсынды. Осы жұмыстар арасынан әділ-қазылар алқасы ең үздік бейнебаяндарды іріктеп алды. Бағалау талаптарына сәйкес 10 сынып оқушысы Нұржан Нұрдананың бейнебаяны үздік деп табылды.
Нұрдана өз бейнебаянында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, қарты бар үйде береке, бірлік, сыйластық және ең бастысы ұлттық құндылығымызды сақтау отбасында насихатталып отыратындығын көре аламыз. Әжесінің даналығы жүректен ерекше орын таба білді. Бейнебаянда әженің немересіне отбасы құндылықтарын дәріптеуі, өз тәжірибесімен бөлісуі байқалады.