Елбасы академиясының атқарушы директоры Жанкозин Әнуар Қанатұлы ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларды қолдау мен дамытуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба жеңімпаздары және «Елбасы медалінің» иегерлерімен кездесті. Облыстық білім басқармасы басшысы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы онлайн негізде байланысқа түсе отырып, кездесуді жүргізді.

Дөңгелек үстелде оқушылар еркін сұхбаттасып, шәкірттерге жарқын болашақ пен қуаныш сыйлаған, оқимын деп талпынған талай жастың жүрегіне үміт ұялатқан El Úmiti жобасының бастамаларына алғысын білдірді.

Облыс бойынша 5 оқушыға «Елбасы медалі» табысталды. Сонымен қатар мектеп-интернат оқушыларына Birge oqý онлайн мектебінде тегін білім алу мүмкіндігін сыйлады.

Бүгінгі кездесу оқушыларға жаңаша серпіліс беріп, жігерлендірді.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы