22 қазан күні «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауының І (мектепішілік) кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, балаларды Отанымыздың тарихы, географиясы, астрономиясы және мәдени дәстүрлерімен тәрбиелеу, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру, оның белсенді қатысушысы болу.
Байқау ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған келесі кітаптардың мазмұны бойынша өткізілді:
1. «Сиқырлы жұлдызша» /Волшебная звездочка»;
2. «Атамекен сиқырлы елінің аңыздары» /Легенды волшебной страны Атамекен»;
3. «Сиқырлы қазғыш-таяқша». Ежелгі Қазақстан тарихының көңілді оқулығы /Волшебная палочка-копалочка» веселый учебник истории древнего Казахстана;
4. «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» /Волшебное путешествие по стране Казахстан».
5. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.
Мектепішілік кезең бойынша жеңімпаз 5 оқушы облыстық кезеңге ұсынылды.
Оқушыларға облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!