Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 4 кезеңде 4 пән бойынша өткізіледі. І аймақтық кезеңіне мектепішілік кезеңнен іріктелген 10 оқушы қатыстырылып, нәтижесінде 8 оқушы жүлделі орынға ие болды.
І дәрежелі диплом иегерлері:
Бергенбекұлы Нұрдәулет
Нұржанұлы Әли
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Дүйсенбек Ернұр
Аманулла Нурулла
Какпан Нұрлыхан
Телжан Елдос
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Бекмурза Еркемай
Утепова Нұрайым
Кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында өткізілген олимпиадада өз мақсаттарына жеткен бітіруші түлектерімізді құттықтаймыз! Келесі кезеңге сәттілік тілейміз!
Ұстаздар мерекесі қарсаңында ұстаздар еңбегі еселеніп қайтып, мектеп қоржыны жетістікпен толтырылды.
Жеңісті күндер алда!