Бүгін мектеп-интернатымызда білім ордамызға есімі берілген мемлекет және қоғам қайраткері Е.Әуелбековтің өнегелі өмірін оқушыларға таныту мақсатында «Білігі мол, беделі биік тұлға» тақырыбында Әуелбековтану апталығының ашылуы өтті.
Апталық барысында әлеуметтік педагог Д.Есниязова мен психолог Ж.Қожахмет 7-8 сынып оқушыларына «Мемлекет және қоғам қайраткері» Е.Әуелбеков залына және кітапханашы Г.Қалманова 7-11-сынып оқушыларына кітапхана көрмесіне таныстырылым жасады.