Мектеп-интернатымызда «Қазақтың асыл перзенті» тақырыбындағы Әуелбековтану апталығының аясында жас мамандар мен педагог қызметкерлер арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Е.Әуелбековтің мемлекет және қоғам қайраткері ретіндегі өнегелі өмірін тану мақсатында ұйымдастырылған шараға қатысушылар жинақтары мен ғылыми мақалаларын оқи отырып, тереңірек зерттеп, әр бөлімі бойынша талдама жасады. Жас мамандар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сауалдарын ортаға салып, өз ойларын білдірді.