«Ұлы дала өркениеттері» атты Республикалық байқауының негізінде ұйымдастырылған «Талант — табиғаттан, талап — өзіңнен» атты кездесу кеші өткізілді.
Кештің мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді, қолөнерді, ән-жырларды және ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын шығармашылық тұлғалармен кездесу.
Ұйымдастырылған шарада жас дарындар ұлттық аспаппен жыраулық өнерді кеңінен дәріптеп жүрген, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, жыршы-термешілермен кездесті.
Кездесу кешінің спикерлері:
1. Ақтаев Нұртілек Әбдіғаппарұлы – Шиелі аудандық әуез мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дәртүрлі әнші, термеші.
2. Түрікпен Күнсұлу Түрікпенқызы – жыршы, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ концерт мемлекеттік ұйымында жыршы болып қызмет атқаруда, республикалық, халықаралық жыршы-термешілер конкурсының жеңімпазы, «Жастар» сыйлығының иегері, «Мен Қазақпын» халықаралық мегажобасының бас жүлде иегері.
3. Бекпейісов Мұхаммедәлі Құрманбекұлы — дәстүрлі әнші, жыршы-термеші.
4. Үсенов Айдар Мұратұлы – Қызылорда қаласында ардагерлер үйінің мәдени қызметкері, термеші-жыршы.
5. Жапбарбердиев Амандық Нұрмаханұлы – жыршы, Қызылорда облыстық филармониясында конферансье қызметінде.
Сыр мақтаныштары оқушылармен сұхбат барысында терме-жырлар орындап, шәкірттердің ерекше қызығушылығын оятты.
Сондай-ақ, оқушылар қазақ халқының төл өнері жайында тарихи деректерге толы тағылымды әңгімелерін тыңдап, білім көкжиегін кеңейтті.
«Терме толғаулар тұнып тұрған насихат. Біз рухани қазынамызды, ұлтымыздың бояуы мен иісі сақталған құндылықтарымызды дәріптеп, бойымызға сіңіруіміз қажет», – дейді Сырдың жас сүлейі Күнсұлу Түркпен.
Бір сағатқа созылған кездесуге 200-ден аса көрермен қосылып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды. Оқушылар ата-бабалардың ұлттық аспаптар арқылы жеткізілген жалынды жырларының өскелең ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесін мол екенін терең ұғынды.