Мектеп-интернатымызда 7-15 қазан аралығында “Білігі мол, беделді тұлға” тақырыбында мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековке арналған апталықтың қорытынды кеші өткізілді.
Кеш барысында “Ақиқаттың алып адамы” тақырыбында Е.Н.Әуелбековке жүргізілген зерттеу жұмысының таныстырылымы жасалды.
“Шаңырақ” оқушылар қауымдастығының белсенді мүшелері “Дара тұлға”, “Азамат”, “Қазақтың асыл перзенті”, “Туған жер перзенті”, “Өлке даңқын асырғандар”, “Көкшенің асыл перзенті” кітаптарына өткізілген оқырмандар конференциясынан алған әсерлерімен бөлісті.
Кеш апталық аясында жүргізілген жұмыстарға белсене араласқан ұстаздар мен оқушыларды марапаттау рәсімімен аяқталды.
Е.Әуелбеков биліктің тұтқасын ұстаған нағыз қайраткер ретінде кемеліне келген, Сыр бойында мәңгі өшпейтін бедерлі де айшықты із қалдырған, ұлттық құндылықтарды сақтай білетін азаматтық бейнесі, парасатты алғыр тұлға ретінде жадымызда мәңгілік сақталады.