«Ұлы дала өркениеттері» атты Республикалық байқауының негізінде мектебіміздегі «Drama club» үйірмесінің жас жеткіншектері «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында майдангер жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін оқып, сахналық қойылым өткізді. «Дәстүр мен ғұрып» ұлттық дәстүрлерді насихаттайтын театрландырылған сахналық қойылым қазіргі қоғамдағы ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған. Театрландырылған қойылымнан көненің көзіндей салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз қазақтың ұлттық болмысымен астасып жатқанын байқауымызға болады. Қойылымда құндылықтарымызға сусындаған қазақ баласының бейнесі көрініс тапты.
🔹Сүйінші сұрау
🔹Ат қою
🔹Бата беру
🔹Бесікке салу
🔹Жеті атасын ұқтыру
🔹Құда түсу
🔹Қыз жасауы
Театрландырылған сахналық қойылымнан бүгінгі қазақ отбасындағы жас жеткіншектерімізді, ұлтымыздың бояуы мен иісі сақталған дәстүрімізді , ғұрыптарымыз бен құндылықтарымызды насихаттап, дәріптеуде өскелең ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол екені насихатталынды.