Қазан айының 19 күні мектепішілік «Жәдігерлер сыр шертеді» бейнетаныстырылым байқауы өткізілді.

Кеше мен бүгінгінің айшықты тұстарын жаңғыртып, олардан белгі болып қалған жәдігерлердің тарихын зерттеуде оқушылар белсенділік танытты. Әр дәуірдегі мәдениетті сақтаушы, насихаттаушы бірден-бір рухани орда болған тарихи музейлерге барып, білімдерін кеңейтті.

Қатпарлы тарихты қайта жаңғыртып, жас ұрпаққа құнды мұралар мен ескерткіштер арқылы тәлім-тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 8-9-10 сынып оқушылары қатыстырылды.

Тұтас бір ұлттың рухани келбетін, оның мәдениетін, өнері мен өркениетін, ғасырлар шежіресін жан-жақты зерттеп, дәріптейтін құнды жәдігерлердің дарынды шәкірт үшін берері мол. Еліміздің өткен тағылымды тарихтан кенде емес екеніне көзі жеткен оқушылар түрлі нұсқада бейне таныстырылып ұсынды. Үздік бейне таныстырылым жасаған 9-сынып оқушысы Шералиева Саяжан мен Ертай Ержан арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы