«Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы дарынды шәкірт тәрбиелеудегі басты бағыт» тақырыбында 7-10 сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді.
— Ата-аналар мектеп- интернаттың материалдық базасымен танысты;
— Пән мұғалімдерімен ата-аналар педконсилиум аясында еркін сұхбат жүргізіліп, оқу процесі талқыланды;
— «Баланың бас ұстазы — ата-ана!» тақырыбында мектеп- интернат психологының ұйымдастыруымен тренинг өткізілді;
— Оқушылардың білім сапасы, оқу жетістіктері, тәрбие бағытындағы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды;
— «Еркін микрафон» мектеп- интернат басшылығымен, әкімшілік қызметкерлермен ата- аналар арасында еркін сұхбат жүргізілді.
Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы дарынды шәкірт тәрбиелеудегі басты бағытымыз.