Ой еңбегінің беделі артып, жас зерттеушілеріміз республикалық жоба жарысында қола медальға ие болды.
Академик Асқар Жұмаділдаевтың 2018 жылы «Қазақстан» телеарнасында дарынды оқушылармен кездесу барысында жариялаған есебінің шығарылу жолын іздестірген 11 сынып оқушысы Бергенбекұлы Нұрдәулет Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантын жеңіп алды. Қола медаль иегерінің жетекшісі Karlygash Daulbaevna Akiseva
Мектебімізге есімі берілген Социалистік еңбек ері, мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың өмірі мен еңбек жолын зерделей алған 10 сынып оқушысы Ғани Жанерке де ІІІ орынның тұғырынан көрінді. Оқушының жобасына жетекшілік жасаған тарих пәнінің мұғалімі Гульбану Ниеталиева
Практикалық құндылығы зор, мектеп эксперименттерін жетілдіруге қосқан үлестері үшін жас ғалымдарымызға ғылым жолына сәттілік тілейміз, жетекшілеріне алғыс айтамыз.