«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 10 сынып арасында тәрбиеші: А.Сәрсенбекова ұйымдастыруымен «Бабалар үні» тақырыбында танымдық акция өткізілді.
 
Мақсаты: оқушылардың эпостық жырларға құштарлығын арттыру, баба мұрасын ұмытпауға, шығармашылық қабілетін, ізденістерін арттыру.
 
Шара барысында кітапханашы Г.Калманова оқушыларға лиро-эпостық жырларға түсінік беріп өтті.
 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Боранбаева «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының негізгі идеясын жеткізді.
 
Оқушылар «Ғашықтық жырлардан» үзіндіні мәнерлеп жатқа оқыды.
 
«Қозы көрпеш-Баян сұлу» ғашықтық дастанының өзекті тақырыбы-екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет-зары, махаббатын, салт-дәстүрін көркем суреттеп сахналық қойылым қойылды.
 
Нәтижесінде лиро-эпостық жырларды оқыта отырып, оқушыларды батылдыққа, ерік-жігерге тәрбиеленді.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы