Қабылдау жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығы (мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібі) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі:
2022 жылдың 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында арнайы qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу арқылы өткізіледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі фотосуреті.
* барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Емтиханды жүргізу тәртібі:
– Қабылдау емтиханы 1 кезеңнен тұрады (математика және логикадан – 55, оқу сауаттылығынан – 10 және Қазақстан тарихынан 10 сұрақ);
– Конкурстық іріктеу 1-20 маусым аралығында өткізіледі;
– Конкурсты ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы офф-лайн (тестілеу) режимінде өткізеді;
– Тестілеу тапсыру тілі: қазақ;
– Тестілеуге бөлінген уақыт – 120 минут;
– Конкурс «Дарын» орталығы алдын-ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында өтеді;
– Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес ең жоғары балл санынан алынады;
– Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.