Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың өмірін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында Әуелбековтану апталығы дәстүрлі түрде биыл екінші рет өткізілуде.
Шараның негізгі мақсаты – мектеп-лицей-интернат қызметкерлерін, жас мамандар мен оқушыларды Еркін Әуелбековтың өмірі, отбасы, еңбек жолы және жетістіктерімен таныстыру.
Апталықтың ашылу рәсімі мектеп басшысы Қарлығаш Дауылбайқызының алғысөзімен басталды.

АПТАЛЫҚ аясында:

  • Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша Е.Әуелбеков атындағы мектепішілік олимпиада;
  • Танымдық іс-шаралар;
  • Спорттық сайыстар;
  • Дебат, дөңгелек үстел, бейнероликтер конкурсы, т.б. іс-шаралар өткізіледі.