Бүгін «Қайсар тұлға, қажырлы қайраткер» тақырыбындағы Әуелбековтану апталығы аясында қоғамдық-география бірлестігінің ұйымдастыруымен «ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ ЖОЛЫ» атты ғылыми-ізденіс бағытындағы оқушылардың шығармашылық кеші болып өтті.

Кештің мақсаты дарынды ұрпақтың дара тұлға Е.Н.Әуелбековтың тұлғалық қасиетін зерттеу арқылы ел үшін сіңірген еңбегін айқындап, халықтың берген бағасына талдау жасап, қоғам қайраткерінің Көкшетау, Қызылорда, Торғай облыстарын басқарып, іскерлігі мен батыл шешімдерінің арқасында тұтас халық үшін мақтан тұтар ардақты азаматтың игі істерін болашақ ұрпаққа насихаттау болды.

Е. Әуелбековтың дара жолын зерттеуде бірнеше бағыттағы зерттелген жұмыстар мен естеліктер, өлең жолдары оқылып, зерделі оқушылардың білім көкжиегімен ойын, танымын ұштай түсті.

Социалистік Еңбек Ері, КСРО халық депутаты, Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мүшесі, алғашқы тың игеруші Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың көпшіліктің жадында мәңгі өшпестей сақталған біртуар тұлғалық қасиеттері, халқына қызмет етудегі тазалығы мен парасаттылылық қадамдарын зерттеп, зерделеді.