✅ Мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековке арналған
⚜️”ҚАЙСАР ТҰЛҒА, ҚАЖЫРЛЫ ҚАЙРАТКЕР” ⚜️ тақырыбындағы ӘУЕЛБЕКОВТАНУ апталығының қорытынды кеші болып өтті. Қорытынды кешке “Еркін Әуелбеков қоры” және Қызылорда облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік орталығының өкілдері қатысты.
Шара барысында:
💐 Еркін Әуелбековтың бюстіне гүл шоқтары қойылды;
🌱 Мектеп-лицей-интернат жанынан жылыжайдың ашылу салтанаты өткізілді.
🎉Қорытынды марапаттау рәсімінде апталық аясында жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша өткізілген Әуелбеков мектепшілік олимпиадасының жеңімпаздары мен белсенді ұстаздар “Еркін Әуелбеков қоры” мен қаламыздың беделді кәсіпкерлері атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олимпиадада 🏆 ең үздік нәтиже көрсеткен оқушыға арнайы диплом мен ⌚ смарт сағат берілсе, жүлдегерлер 🎧 бағалы сыйлықтармен, апталық барысында белсенділік танытқан ұстаздар “Еркін Әуелбеков қоры” атынан арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
✨ Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың елге жасаған ерен еңбегі жас ұрпақтың мәңгі жадында.