БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, И.Амангелді көшесі, 25    мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысы білім басқармасының «Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі конкурстық негізіндегі жүктілікке және босануға арналған демалыстағы негізгі қызметкерді алмастыру уақытындағы (уақытша) бос орынға конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Конкурс келесі лауазым бойынша өткізіледі:

  • Тәрбиеші 1 (бір) жүктеме

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Тиісті бейін бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы қажет.

Лауазымдық міндеттері: Жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

 Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;

 Білім алушылардың спорттық – сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады;

 Баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмыстарды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;

 Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

 Ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады;

 Білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді;

 Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

 Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.

 Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы“, “Педагог мәртебесі туралы“, “Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы“, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” заңдарын және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

 Оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;

 Педагогикалық этиканың нормаларын;

Педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін;

Еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын білуі қажет.

Білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыра білуі тиіс;

Білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуге;

Білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуға;

Білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруға;

     Біліктілікке қойылатын талаптар:

 Жоғары (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы тиіс;

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 145000 – 150000 теңге аралығы (экологиялық коэффициентті қоспағанда).

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық түрінде         e-maill:odmi4@mail.ru арқылы жолдайды:

1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9).сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

12) Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (2022 жылғы 15 желтоқсан сағ.17.00-ге дейін) Қызылорда облысы білім басқармасының «Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне e-maill:odmi4@mail.ru арқылы немесе мекен-жай бойынша қабылданады.

Конкурс 2022 жылғы 15 желтоқсан айында сағ.18.00-де Қызылорда облысы білім басқармасының «Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.