Skip to content

МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Мекеменің толық атауы: «Қызылорда облысының білім басқармасының Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Амангелді көшесі, 25.
Байланыс телефоны: 8 (7242) 70-01-13, 70-51-18

Ашылу тарихы:

– 2004 жылғы 24 қарашадағы Қызылорда облысы әкімінің №196 бұйрығымен №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты жұмыс жасап келеді.

– 2010 жылы мектеп-интернатқа 300 орындық оқу ғимараты және 240 орындық жатақханасы бар жаңа ғимарат берілді.

– 2017 жылғы 10 наурыздағы Қызылорда облысы әкімінің №734 қаулысымен «Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты» болып қайта аталды.

– 2022 жылғы 22 тамыздағы Қызылорда облысы әкімінің №607 қаулысымен «Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» болып қайта аталды.

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Жабдықталуы:
2 компьютер кабинеті, ағылшын-лингофонды кабинеті, робототехника кабинеті, компьютерленген математика кабинеті, интеллектум кабинеті, заманауи үлгідегі химия, биология, физика кабинеттері, 2 панель тақтасы, 8 интерактивті тақта, 200 орындыққа есептелген акт зал мен үлкен спорт зал, спорт алаңы жұмыс жасайды.

Кітапхана көлемі – 143 м2, 36 орынға арналған оқу залы, коворкинг орталығы, кітапхана қоры – 26442, электронды оқулықтар саны – 532. Оқырмандар саны – 425.

Асхана – 130 орындық (5 мезгіл тамақ беріледі).

Мектеп-интернатта ғалымдар, білім магистрлары және облыстық, республикалық деңгейдегі педагогикалық олимпиада жеңімпаздары қызмет етеді.
– Жалпы мұғалім саны – 54;
– Білім магистрі – 11;
– Шебер – 4, зерттеуші – 16, сарапшы – 11;
– Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер – 23;
– Ғылым кандидаты – 2;
– Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері – 2;
– Астана қаласының 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы медалінің иегері – 1;
– Республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары – 5;
– Облыс әкімінің 1 миллион теңге сыйақы иегері – 1;
– Облыстық «Үздік мұғалім» кәсіби байқау жеңімпаздары – 5;
– Педагогикалық олимпиадалар жүлдегерлері – 3;
– «Дарынды балаға – талантты ұстаз» республикалық байқауының жеңімпаздары – 2;
– Облыстық, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпаздары – 9;
– Республикалық педагогикалық идеялар жәрмеңкесі байқауының жеңімпаздар – 2;
– Математика пәні мұғалімдері арасында өткізілген облыстық пәндік олимпиаданың бас жүлдегері (автокөлік);
– Математика пәні мұғалімдері арасындағы халықаралық олимпиада жүлдегері – 2;
– Қызылорда облысының білім саласын дамытудағы еңбегі үшін медалінің иегері – 1;
– Облыс әкімінің 300 АЕК мөлшеріндегі бір жолғы сыйақысы – 1;

Облыс әкімінің гранты «Үздік ұжым – 2016» байқауының қорытындысы бойынша ұжым «Үздік білім беретін ұйым» атағын жеңіп алып, 17 миллион теңге сыйақымен марапатталды.

Оқушы саны: 2022-2023 оқу жылында 245 оқушы оқиды. Барлық сынып комплектісі – 11.

МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТ ЖАРҒЫСЫ