Skip to content

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Қабылдау жұмыстары “2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 5 тамыз күнгі №350 бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру мерзімі:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу арқылы жүргізіледі

Қажетті құжаттар тізбесі*:
1)Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш;
2)ЖСН көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) Баланың электрондық мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;
4) Баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
5) Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері;
* барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.

Емтиханды жүргізу тәртібі:
– Қабылдау емтиханы 1 кезеңнен тұрады (математика және логикадан – 55, оқу сауаттылығынан – 10 және Қазақстан тарихынан 10 сұрақ);
– Конкурстық іріктеу 15 мамыр – 15 маусым аралығында өткізіледі;
– Конкурсты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы офф-лайн (тестілеу) режимінде өткізеді;
– Тестілеу тапсыру тілі: қазақ;
– Тестілеуге бөлінген уақыт – 120 минут;
– Конкурс «Дарын» орталығы алдын-ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында өтеді;
– Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес ең жоғары балл санынан алынады;
– Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.

Қосымша сұрақтар бойынша:
8 (7242) 70-01-03, 8 (7242) 70-51-18

Мектеп мекен-жайы:
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Аманкелді көшесі, 25

Толық ақпарат: https://www.qabyldau.daryn.kz/kz/index.php