Skip to content

ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМГЕ ҚАЖЕТТІ ҚОЛДАНБАЛАР МЕН ОНЛАЙН СЕРВИСТЕР

Дидактикалық ойындар
Онлайн тақталар

Google Jamboard

Бұл онлайн интерактивті тақтаны бір уақытта бірнеше адамдар біріге қолдана алады

Тест. Викторина

Online Test Pad

Тестілеу мен оқытуды өткізуге арналған тегін көпфункционалды сервис. Тест, сауалнама, сөзжұмбақ құрастырушы, кешенді тапсырмалар, диалогтық тренажерлер, қашықтықтан оқыту жүйесі

Кері байланыс

Google Формы

Тесттер мен сауалнамаларды оңай жасап, олардың нәтижелерін талдауға мүмкіншілік береді. Жауап статистикасы нақты уақыт режимінде жаңартылады.

Презентация

Prezi

Үйде, кеңседе, сыныпта, т.б. жерде өзара әрекеттесудің ең жақсы тәсілі. Оқушыларды кез келген деңгейде, жеке немесе онлайн режимінде қызықтыруға, ынталандыруға және оқытуға көмектесу үшін жасалған.

Calameo

Әлемдегі ең жақсы электронды басылымдар жинағы. Өз құжаттарыңызды интерактивті және эксклюзивті ету үшін қолдануға өте ыңғайлы

Canva

Бір графикалық дизайн қолданбасында тегін фото және бейне редакторын пайдалануға болады. Әлеуметтік желілерге жазбалар, видео, ашық хаттар, фотоколлаждар дайындауға және онлайн презентация әзірлеуге болады.

Figma

Нақты уақыт режимінде бірлескен жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігімен интерфейстерді әзірлеуге және прототиптеуге арналған онлайн-сервис.

Формативті бағалау
Байланыс. Бейнеконференция

Google Meet

Жоғары сапалы қауіпсіз аудио және бейне қоңырауларға арналған жалпыға ортақ біріктірілген қызмет.

Графика
Видео
Бұлтты қоймалар

Google Drive

Файлдар мен бумаларды онлайн сақтап, әріптестеріңізге жолдай аласыз, сонымен қатар компьютерде немесе мобильді құрылғыда басқа пайдаланушылармен бірге жұмыс жасай аласыз.